қазақша · русский · english
 
 
 
Өткізілген іс-шаралар
27.11.2025

Жатақхана студенттерімен психологиялық тренинг өтті


2025 жылдың 25-27 қарашасы аралығында Психологиялық қолдау қызметінің психологтары №3, №8 және №5 жатақханаларының студенттеріне арналған «Буллингсіз орта: қауіпсіз қарым-қатынас мәдениеті» тақырыбында психологиялық тренинг өткізді.

 

Психологиялық тренингтің мақсаты - студенттерге буллингтің алдын алуға бағытталған қауіпсіз және құрметке негізделген қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру, өзара қабылдау мәдениетін дамыту, сондай-ақ сенім мен жақсы қарым-қатынасты нығайту арқылы топ ішіндегі бірлікті арттыру.

 

Тренинг «Екі шеңбер» жаттығуы арқылы танысудан басталды. Бұл жаттығу студенттерге бастапқы байланыс орнатуға және топ ішінде сенімді атмосфера құруға көмектесті. Негізгі бөлімде «Командалық дәлдік» және «Сөзсіз эмоция» жаттығулары өткізілді. Олар командалық өзара әрекеттесуді, өзара түсіністікті, бірін-бірі тыңдау және қолдау қабілетін дамытуға, сондай-ақ буллингтің алдын алудың негізі болып табылатын қауіпсіз қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға бағытталды. Тренинг «Шырақ» жаттығуымен қорытындыланды. Бұл жаттығу қатысушыларға өз сезімдерімен бөлісуге, алған тәжірибесін ой елегінен өткізуге және кері байланыс білдіруге мүмкіндік берді.

 

Тренингке университетіміздің №3, №8 және №5 жатақханаларында тұратын шамамен 100 студент қатысты.

 

   

 

 

 

 

Психологиялық қолдау қызметі

 




Кері оралу